Анықтама:Қосу

From mediawiki.org
This page is a translated version of the page Help:Transclusion and the translation is 93% complete.
PD Ескерту: бұл бетті өңдегенде, сіз өз үлесіңізді CC0 лицензиясы бойынша тапсыруға келісесіз. Қосымша ақпарат алу үшін Жария домен анықтама беттерін көріңіз. PD

Қосу (ағылшынша transclusion) дегеніміз "{{}}" белгілеуі арқылы бетке әртүрлі нәрсе қосуды сипаттайтын MediaWiki термині. Мұның ішіне үлгілер, басқа аттар кеңістіктеріндегі беттер, сиқырлы сөздер, талдағыш функцияларының нәтижелері, кейбір арнайы бет, уикиаралық беттер және т.б. кіреді.

Нысана бет синтаксисі

Негізгі қолданылуы

Бет қосу үшін қос жақшамен қоршалған аттар кеңістігін де, бет атауын да (қос нүктемен бөліп) қосыңыз:

{{Help:Transclusion}}

Үлгі қосқан кезде аттар кеңістігі мен қос нүктені жазбай-ақ қойсаңыз болады:

{{infobox}}

Негізгі аттар кеңістігіндегі мақала қосқан кезде аттар кеңістігін алып тастауға болады:

{{:Transclusion}}

Нысана беттің суббетін қосқанда суббет атауын ғана қолдануға болады:

{{/doc}}

Параметрлер

Қосылған үлгілер мен Арнайы беттер параметр қабылдай алады:

{{note|inline|This is a note.}}

Бастапқы бет синтаксисі

Үш тег (‎<noinclude>, ‎<includeonly> және ‎<onlyinclude>) нысана бетте қай мазмұн пайда болатынын басқарады.

‎<noinclude>
‎<noinclude>...‎</noinclude> тегтерінің ішіндегі мазмұн нысана беттегі қосудан шығарылады. Бірақ бұл мазмұн бастапқы бетте қала береді.
Бастапқы бет уикимәтіні Бастапқы бетте не көрінеді Нысана бетте не көрінеді
Hello <noinclude>world</noinclude> Hello world Hello
‎<includeonly>
‎<includeonly>...‎</includeonly> тегтерінің ішіндегі мазмұн нысана бетке қосылады, бірақ бастапқы бетте көрінбейді. Other content is also transcluded.
Бастапқы бет уикимәтіні Бастапқы бетте не көрінеді Нысана бетте не көрінеді
Hello <includeonly>world</includeonly> Hello Hello world
‎<onlyinclude>
‎<onlyinclude>...‎</onlyinclude> тегтерінің ішіндегі мазмұн нысана бетке қосылады және бастапқы бетте де көрінеді. Other content is not transcluded.
Бастапқы бет уикимәтіні Бастапқы бетте не көрінеді Нысана бетте не көрінеді
Hello <onlyinclude>world</onlyinclude> Hello world world

Тағы көріңіз